Ақмола облыстық «Науан хазірет» мешітінде балалардың жазғы демалысын ұтымды өткізу мақсатында «Имани жаз» жазғы сауат ашу курсы ұйымдастырылды.

Жиырма күндік курс барысында балалар демалып, сауатын ашты. Олар «Имандылық әліппесі» оқулығы бойынша тәлім алды. «Тазша бала» ойын-сауық орталығында мешіттің демеушілігімен ойын түрлері бойынша сайыстар өткізілді. «Ең алғыр шәкірт», «Қолғанат» және басқа да аталымдар бойынша үздіктерге сыйлықтар табыс етілді. Бірі велосипед алса, енді бірі аудио құралдарға ие болды.

Шара соңы дастарқан басындағы ас мәзірімен жалғасты.

От haqjoly.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *