ҚМДБ бастамасымен мектеп оқушыларының жазғы демалыс күндері дәстүрлі «Имани Жаз-2024» діни сауат ашу курсын биыл Алматы қаласы бойынша 2204 шәкірт айлық курсты аяқтады.

Қала бойынша 8 аудан мешіттерінде атап айтсақ, Орталық мешітте жалпы саны 96 бала дәріс алса, Алмалы ауданында 50, Алатау ауданы бойынша 689 бала, Әуезов ауданы 402, Бостандық ауданы бойынша 260, Медеу ауданы 69, Жетісу ауданы бойынша 300 бала, Наурызбай ауданы 168 және Түрксіб ауданы бойынша 178 бала жазғы діни сауат ашу курстарына қатысты. Әр мешіт имамдары мен ұстаздары сауат ашу курсын аяқтаған шәкірттерге курсқа қатысқаны жайлы сертификаттар табыстап, шәкірттерге Алладан алдағы оқу жылына сәттілік пен зор ықылас және зейін тіледі. Жазғы сауат ашу курсында «Құран әліппесі», «Құранды тәжуидпен оқып үйрену», «Алланың 99 есімін жаттау», «Ислам әдептері», «Көркем мінезге тәрбиелеу», «Тазалыққа үйрету», тағы басқа дәстүрге дәрістер өткізілді. Жазғы демалысын мұсылманша сауат ашуға арнаған дарынды да зейінді балалар дәрістерден бөлек табиғат аясында дем алып, қалған уақыттарында мешіт ұстаздарының ұйымдатыруымен түрлі шеберлік сағаттарына да қатысты. Ата-аналар ұстаздар мен мешіт имамдарына алғыстарын білдірді.  

От haqjoly.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *