«Орал медресе-колледжінің шәкірттері 3 жылдық оқуын аяқтап, дипломдарын қолдарына алып, маман атанды.

2024 жылғы түлектердің 6-уы қызыл, 12-сі көк дипломға қол жеткізді. Студенттерге дипломды Батыс Қазақстан облысының бас имамы Самат Әлібаев, «Орал» медресе-колледжінің директоры Талғат Искалиев пен мысырлық ұстаз Мұхаммед Сайд Абделғани табыстады. Медресенің он төртінші түлектері атанған шәкірттерге ұстаздар сәттілік тілеп, ілім деген аманатты жүктеді.

12 шәкірт қала, аудан, ауыл мешіттерінде қызмет атқаруға жолдама алса, 6 шәкірт «Нұр-Мүбарак» университеті мен «Хусамуддин ас-Сығанақи» институтына түсуді жоспарлап отыр.

От haqjoly.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *