Павлодар облысы Шарбақты ауданының Шегірен ауылында жаңа мешіт бой көтеріп, халық игілігіне пайдалануға берілді. Бұл облыс бойынша 108, Шарбақты ауданы бойынша 11-мешіт. 

Мешіттің ашылу рәсіміне облыс бас имамы Жолдас қажы Қоспақұлы қатысып, салтанатты рәсімді өткізді. Мешіт ашылу рәсімі жоғарғы деңгейде өтті. Ас беру, күрес, спорттық шаралар, байге жарысы ұйымдастырылды. 

Мешітке Ибрахим (а.с) пайғамбардың аты беріліп, мешіт имамы қызметіне Абай Ақтарбайұлы тағайындалды. Мешіт сыйымдылығы 80-100 адамға арналған, еденнен жылыту қондырғысы орнатылып, орталықтан жылу жүйесі қосылған. Заманауи үлгідегі құрал жабдықтармен қамтылып, айналасы толық абаттандырылып, жол жүру жолақтары, көлік тұрағы, қоршауы барлығы алдын ала дайындалған.

Мешіт ауыл тұрғындары, намазхан жамағаттың, кәсіпкер азаматтардың жәрдемімен бой көтерді. 

От haqjoly.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *