ҚМДБ Түркістан облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен Құранды жатқа және мәнерлеп оқудан ХІІІ республикалық байқаудың іріктеу сайысы өтті.

Іріктеу кезеңінде еліміздің әр өңірінен, атап айтқанда, Алматы, Маңғыстау, Қызылорда, Шымкент, Түркістан облыстарынан келген 72 шәкірт бақ сынасты. Жүзден жүйрік шыққан шәкірттер Павлодар облысында өтетін Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп өтетін ХІІІ республикалық Құран жарысына жолдама алды.

Қазылар алқасына ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі, елімізге белгілі ғалым Ерсін қари Әміре төрағалық етсе, Құран секторының меңгерушісі, Республикалық бас мешіттің наиб имамы Серік қари Ахмет, Алматы қаласындағы «Хусамаддин Ас-Сығанақи» атындағы Қарилар дайындау ижаза орталығының директоры Ақжолтай Бақытжан Ақжолтай қариларға әділқазылық етті.

Бұл іс-шара Құранның 30, 20, 10 парасын жатқа және мәнерлеп оқу секілді 4 номинация бойынша ұйымдастырылды.

Сонымен мәнерлап оқу бойынша нәтиже мынадай:

І орын (бас жүлде – 200 000 теңге) – Набижанов Умар;

ІІ орын (жүлде қоры – 150 000 теңге) – Әмір Асылжан;

ІІІ орын (жүлде қоры – 100 000 теңге) – Тантақ Берік.

10 пара бойынша:

І орын (бас жүлде – 250 000 теңге) – Туражанов Нурислам;

ІІ орын (жүлде қоры – 200 000 теңге) – Бекбосынов Жандос;

ІІІ орын (жүлде қоры – 150 000 теңге) – Жеңіс Саят.

20 пара бойынша:

І орын (бас жүлде – Умра қажылығы) – Мырзахмед Махмуд;

ІІ орын (жүлде қоры – 300 000 теңге) – Эминтаев Асадулла;

ІІІ орын (жүлде қоры – 200 000 теңге) – Ирисдавлетов Юсуф.

30 пара бойынша:

І орын (бас жүлде – Умра қажылығы) – Игілік Исламнұр;

ІІ орын (жүлде қоры – 350 000 теңге) – Айтмахан Диас;

ІІІ орын (жүлде қоры – 250 000 теңге) – Валихан Мансурхан.

Жарыста әр 4 номинацияның 1-орын иеленген қатысушы қарилар ғана республикалық жарысқа жолдама алды. Ал қалған жарысқа қатысушы қариларға ынталандыру ретінде алғыс хаттар мен қаржылай сыйлықтар табысталды.

Алла Тағала қари-хафиздарымыздың санын арттырып, елімізге, дінімізге адал қызмет етуін баршамызға нәсіп етсін!

От haqjoly.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *