ҚМДБ жаряилаған «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Діни басқарманың тапсырмаларын аудандардағы дін қызметкерлерімен талқылау, бекітілген бағыттарды жамағатқа насихаттау, аудан, ауыл мешіттерінің хал-жағдайымен танысу мақсатында Шығыс Қазақстан облысының бас имамы Ермек Қасболатұлы Қатонқарағай ауданын аралады.

Аудан орталығынан сапарын бастаған бас имам аудандағы діни ахуалға қанық болған ауыл имамдарымен, ақсақалдармен кездесіп, атқарылып жатқан шаралар туралы айтып, пікір алмасты.

Бас имам: «Еліміздің туристік саласын дамытудың тұжырымдамасында «Алтайдың інжу-маржаны» туристік кластеріне кіретін осы елді-мекеннің мешіті де көркіне сай болу керек. Сол себепті жергілікті имам мен кәсіпкер азаматтармен бас қосып, мешітке жөндеу жұмыстарын жүргізетін болып келістік» дей келе, болашақта ауданның сәулетіне сымбат беретін, мешіт салу жоспарда бар екендігін жеткізді.

Бұдан соң бас имам Берел қорғандары «Патшалар алқабы» тарихи және археологиялық ескерткіштеріне ат басын тіреп, мұражай-кешенін аралап, қонақтарға арналған кітапшаға қолтаңба қалдырды. Ермек Қасболатұлы еліміздің ең шеткі нүктесі Аршаты ауылына аялдап, мешіттің тыныс-тіршілігімен танысып, ауыл азаматтарымен жүздесті. Кездесу барысында жамағатқа адамгершілік құндылықтар және ұлттық салт-сананы ұлықтау жайлы ұлағатты уағыз айтты.

Бас имам сапар барысында Майемер ауылдық мешітіне кіріп, жабдықтау мәселесін талқылады. Келесі кезекте Малонарым ауылындағы жаңадан салынып жатқан мешіт құрылысымен танысты. Ермек Қасболатұлы мешіттің негізгі күмбезін өз қолымен құрап жасаған Майемер ауылының 70 жастан асқан ақсақалына алғыс білдіріп, сауапты ісін өнеге етті.

Одан әрі Үлкен Нарын ауданының орталығында жаңадан салынып жатқан мешіт-медресе кешенінің құрылыс барысын бақылады. Бұл зор сауапты іске ат салысып жатқан азаматтармен жүздесіп, қолғабыс еткен әрбір тұрғындарға ризашылық білдірді.

От haqjoly.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *