Алматы облысына қарасты Қарасай ауданында орналасқан «Үшқоңыр» медресе-колледжінің 2024 жылғы түлектеріне диплом табыстау рәсімі өтті.

Салтанатты шараға Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы, медресе-колледж директоры Мәди Серікұлы, Жамбыл ауданының бас имамы Бақыт Абдиисламұлы, ұстаздар қауымы және шәкірттер қатысты.

Облыс бас имамы Мадияр Тағайбайұлы шәкірттерді алған білімдерінің жемісін көріп, ел игілігі жолында қызмет етуге үндесе, Мәди Серікұлы түлектердің қадамдарының оң болуын тіледі.

Өз кезегінде медресе-колледж ұстаздары да сөз алып, бітіруші шәкірттерге ізгі тілегін жеткізді. Жас түлектер де оқу ордасының әкімшілігіне, ұстаздарына ризашылығын білдіріп, алғыстарын айтты.

Биылғы жылы «Үшқоңыр» медресе-колледжін 9-сыныптан кейін түскен 70, 11-сыныптан кейін түскен 12, барлығы – 82 түлек бітірді. Олардың 6–уы үздік (қызыл) диплом иегерлері атанды.

От haqjoly.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *