ҚМДБ , Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Байғұт баба мешіті , Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен 2023-2024 ж Оқу жылын Қорытындылау мақсатта Тауда 100 шәкіртпен “МЕГА Рухани кеш” өткізіп қайтты. Аталмыш кештің өтуіне Байғұт баба мешітінің Бас имамы Шымкент қаласының Бас имамның атынан барлық шәкіртке “Иман әліппесі” кітабы мен Ұстаздарға “ Бабалар ізімен “ атты кітапты сыйға тартып, Ақ жол тілеп шығарып салды. Жылды қорытындылау кешіне Алматы қаласының ҚМДБ ұстазы , “Ханымдарға сүйінші” кітабының авторы Жұлдыз Ерланқызы қонаққа келіп “Аллаға байланудың маңызы” атты тақырыпта семинар өткізді. Іс-шара барысында мешітке жүрегі байланған шәкірттерді “ЖЫЛ ШӘКІРТІ” номинацияларымен марапаттап, әдемі дастархан, ойындармен сыйлықтар және керемет демалыс ұйымдастырылды. “МЕГА Рухани кештің” ұйымдастырушысы Байғұт баба мешітнің ұстазы Гүлжан Нұрланқызы.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

От haqjoly.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *