ҚМДБ Алматы өкілдігінің ұйымдастыруымен имамдарға арналған 3 айлық Құран курсының 3-кезеңі аяқталды. 

Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы Құран курсының аяқталуына орай қорытынды жиынға қатысты. Еске сала кетсек, бұл курстың 2-кезеңі өтіп, алматылық 100-ге жуық имамдар мен ұстаздарға тәжуид ережелері, махраж, діни рәсімдер кезінде оқылатын дұғалар мен құран сүрелерін қатесіз оқу бойынша дәрістер өткізілді. Құран Кәрімді тәжуид ережелеріне сай оқу курсының 3-кезеңіне екі топқа бөлінген 45 имам қатысты.

Курс соңында Нұр-Мүбарак университетінің ұстазы, қари Мансұр Инаятулла мен Орталық мешіттің наиб имамы, РАНТ мүшесі Қуаныш Тоқсанбайұлы тәжуид ережелері, намаз дұғалары, Құран сүрелері бойынша емтихан алып, білім деңгейлерін тексерді. Қорытынды жиында Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы 33 дін қызметкерлеріне курсты сәтті аяқтағанын растайтын куәлік табыстады. Ал сынақ емтиханынан өте алмаған имамдар келесі курсқа қайта оқуға қалдырылды. 

От haqjoly.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *