Қостанай облысында орналасқан ең ірі сүт фабрикаларының бірі – «Садчиковское» кәсіпорны «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. Сертификатты «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады.

«Кәсіпорын күніне екі мың тоннадан аса сүт өнімдерін өндіруге қауқарлы. Сертификаттау барасында сүт фабрикасында аудит жұмыстары жүргізіліп, мамандар толыққанды тексеріс шараларын орындады. Аудит кезінде өндірісте қолданылатын шикізаттар, тағамдық қоспалар, өндірістік құрал-жабдықтар, тасымалдау техникалары тексерілді. Сүт өнімдерін өндіру және қаптау барысында замануи және жоғарғы сапалы қаптамалар қолданылатыны анықталды. Өндірістің барлық процессінде халал стандарт талаптары сақталған және өнімдер жоғары сапада өндірілуде. Сонымен қатар, мал баптау алаңы, малдың жем-азығы да тексерілді», – дейді жауапты Айбек Асқарбекұлы.

От haqjoly.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *