ШЫМКЕНТТЕ «ТАЗАLIKE» ШАРАСЫ ӨТТІ

0
523

«AMANAT» партиясының жаңа «ТазаLike» партиялық жобасының Шымкент қаласындағы алғашқы шарасы өтті. Аталмыш жоба Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың партияның XXII Съезіндегі қоғамда экомәдениетті қалыптастыру туралы тапсырмасының және «AMANAT» партиясының жаңғыру бағдарламасы негізінде жүзеге асырылып отыр.

Аталмыш жобаның алғашқы шарасына Шымкен қаласына арнайы жұмыс сапарымен келген Атқарушы хатшы Асхат Оралов, қала әкімі Мұрат Әйтенов, спортшылар мен жайдарманшылар, қаламыздың белсенді жастары мен Jas Otan жастар қанаты қатысты.

«ТазаLike» жобасының басты мақсаты – азаматтардың экологиялық мәдениетін арттыру және қоршаған ортаны таза ұстауды күнделікті өмір салтына айналдыру, экологиялық проблемаларды тиімді шешу жолдарын қалыптастыру. Осы орайда «AMANAT» партиясы жергілікті атқарушы органдардың, кәсіби экологтардың, белсенділер мен еріктілерді жұмылдырып, жыл бойы түрлі экологиялық акциялар өткізетін болады.

Осындай шаралар арқылы тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануға деген талпынысын арттырумен қатар, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға өз үлесімізді қоса аламыз. Қайта өңделетін шикізатты дұрыс сұрыптауды түсіндіру бойынша бейнероликтер дайындап, тұрмыстық қолданбалы қоқыстарды өңдеу мен қайта өңделетін шикізатты бөліп алу сынды күрделі процестерге қоғам назарын аударуға күш саламыз.

Табиғатқа деген жанашырлықты жастардың бойына ерте бастан сіңірген абзал. Ата-бабамыздың аманат еткен ұлан-ғайыр жерін таза ұстау – баршамызға басты міндет!