Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркия Республикасының еліміздегі елшілігіне арнайы барып, бауырлас мемлекетте болған жер сілкінісіне байланысты көңіл айтты. Бас мүфти алдымен көңіл айту кітабына жазба қалдырды. «Түркия – түбі бір туысқан ел. Біз байырғы баба-батыр түркінің кіндігінен тараған ұрпақпыз. Тіліміз жақын, тілегіміз бір. Бауырлас елдің басына келген қайғы – біздің де қайғымыз. Қазақ халқы жүрегімен сіздермен бірге. Алла Тағала табиғи апаттан қаза тапқан жандардың дәрежесін арттырып, жәннатын нәсіп еткей. Жарақат алған азаматтардың тезірек сауығып кетуін тілеймін» деп жазды Наурызбай қажы Тағанұлы. Бұдан кейін ҚМДБ Төрағасы Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уфук Екиджи мырзамен және оның дін істері жөніндегі кеңесшісі Нешет Будурмен кездесіп, көңіл айтты. Сондай-ақ табиғи апаттан қаза тапқандардың рухына арнайы Құран бағыштап, қиналып жатқан тұрғындарға Алла Тағаладан жеңілдік сұрады.
Соңғы жазбалар
Баланы рухани тәрбиелеуге арналған 8 ойын
Белгілі болғандай, баланың мінезі сәби шағынан қалыптасады. Сондықтан мықты, өмір жолында қиындықты еңсере білетін тұлға тәрбиелеу үшін, балаға барынша көп уақыт...
Тазалық – баршаға міндет
Ислам дінінде тазалыққа жете мән берген. Себебі, ислам – тазалықты, әділдікті, бейбітшілікті негізге алатын дін. Біз тазалық деп тек бет-қолды жуып,...
Житель СКО распространял в соцсетях экстремистские материалы
https://www.youtube.com/watch?v=sFaa-rg5H-A
ҚАЗАҚСТАН ӘЛЕМДІК АРЕНАДА БЕЙБІТШІЛ ЕЛ РЕТІНДЕ ТАНЫЛДЫ
Тұңғыш Президентіміз Қазақстанды әлемдік аренада бейбітшіл ел ретінде танытты. Қазақстанның жаһандық ядролық қаруға қарсы белсенді қызметінің бастамасы ретінде Семей ядролық полигоны...
Тікелей эфир: Интернеттегі радикалды идеологиялардан қалай қорғанамыз?
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Интернет кеңістіктегі радикалды идеологиялардың ықпалынан қалай қорғануға болады» тақырыбында Министрліктің Instagram @aqparatqogam парақшасында тікелей эфир өткізеді. https://www.instagram.com/aqparatqogam/ 18 ТАМЫЗ, сағат...