Ақмола облысының бас имамы Қуаныш Сәбиттің бастамасымен жергілікті дін қызметкерлерінің білімін ұштап, біліктілігін көтеруге арналған үш айлық семинар ұйымдастырылған еді.

Жақында осы семинардың алғашқы кезеңі аяқталды. Семинардың екінші үш айлық кезеңі Рамазан айынан кейін жалғаспақ. Көкшетау қаласының имамдары мен ұстаздары үш айлық дәріс беруден көп мағұлмат алды. Оларға Құран жаттау және тәджуид пәндерінен жан-жақты білім берілді. Бұл уақыт талабына сай жаңа танымдық білімнің арнасын кеңейтуге жол ашары анық.

Облыс бас имамы Қуаныш Сәбит үш айлық оқыту семинарынан дәріс алған дін қызметкерлеріне арнайы сертификаттар табыс етті.

От haqjoly.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *