ШЫМКЕНТТЕ КӨШПЕЛІ БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

0
361

Шымкент қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы мен қалалық жастар ресурстық орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен «Бозарық» шағын ауданындағы №131 мектепте “Көшпелі бос жұмыс орындары жәрмеңкесі” өтті.Іс-шараның мақсаты — халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және аудан тұрғындарына бос жұмыс орындарын насихаттау.Іс — шара барысында қала тұрғындарына 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберіндегі мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпараттар берілді.Алдағы уақытта да осындай іс-шаралар өз жалғасын табатын болады.