БАС МҮФТИ ТҮРКИЯНЫҢ МӘЖІЛІС СПИКЕРІНЕ БАС МЕШІТТІ ТАНЫСТЫРДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Астана қаласындағы Бас мешітте елімізге мемлекеттік сапармен келген Түркия Республикасы Ұлттық Мәжілісінің спикері Нуман Куртулмушпен кездесіп, құлшылық ордасының жұмысын таныстырды. Зәулім мешітті…

ХАЛАЛ САЛАСЫНДАҒЫ ОРТАҚ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қазан қаласында ұйымдастырылған «KazanForum» XV халықаралық экономикалық форумы аясында «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы халал стандарттау және сертификаттау саласындағы шет елдік әріптестермен кездесу өткізді. Жиынға Ислам елдері үшін стандарттау және…

Қызылорда: Жас мамандарға ұмраға жолдама берілді

ҚМДБ Қызылорда облыстық өкілдігіне қарасты мешіттерде қызмет атқарып жүрген жас мамандарға кіші қажылыққа жолдама берілді. Нақтырақ айтар болсақ, Сыр өңірінің бас имамы Дастан Жанасұлы облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің наиб имамы…

БАС МҮФТИ СТУДЕНТТЕР ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАДЫ

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен еліміздегі медресе-колледж студенттері арасында өткен республикалық олимпиада қорытындыланды. Білім жарысының жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысты. ҚМДБ Төрағасы шәкірттер мен…

Алматы: «Дәстүрлі Ислам және рухани тұрақтылық» дөңгелек үстелі өтті

Алматы өкілдігінің жылдық жоспары негізінде Наурызбай ауданының Қалқаман мешітінде «Дәстүрлі Ислам және рухани тұрақтылық» атты дөңгелек үстел өтті. Аталмыш шарада РАНТ мүшесі, Орталық мешіттің наиб имамы Қуаныш Әбішев баяндама жасады.…

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМДА ХАЛАЛ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен Қазан қаласында өтіп жатқан «KazanForum» XV халықаралық экономикалық форумына барған мүфтият делегациясы, атап айтқанда, Бас мүфти кеңесшісі Кенжетай Байкемелұлы мен «Халал…

ҚАЗАҚСТАН ҚАРИЫ – ЛИВИЯДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰРАН ЖАРЫСЫНДА

Осы аптада Ливия елінің Бенғази қаласында Құран Кәрімді жатқа оқудан XII Халықаралық байқауы басталды. Он екі күнге созылатын байқауға еліміздің атынан Абдулғани Мирболатұлы қатысуда. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай…

Алматы облысы: 200 отбасыға көмек көрсетілді

Алматы облыстық орталық «Қапшағай» мешітінде «Тайқазан» жобасының кезекті ауқымды қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Ізгі шараға Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы, «Зекет және қайырымдылық» қорының жауапты өкілі Ринат Маратұлы және дін…

БАС МҮФТИ МАЛАЙЗИЯНЫҢ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНЕ БАС МЕШІТ ЖҰМЫСЫН ТАНЫСТЫРДЫ

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Астана қаласындағы Бас мешітте елімізге мемлекеттік сапармен келген Малайзия Премьер-министрі Анвар Ибрагиммен кездесіп, құлшылық ордасының жұмысын таныстырды. Бас мүфти әуежайдан тікелей…

ҚМДБ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМДА

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен мүфтият қызметкерлері РФ Татарстан Республикасының астанасы Қазан қаласында өтіп жатқан «KazanForum» XV халықаралық экономикалық форумына қатысып жатыр. ҚМДБ делегациясының құрамында Бас…