«ЖҮРЕК ЖЫЛУЫ»: КӨМЕККЕ МҰҚТАЖ 150 ОТБАСЫҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАРАТЫЛДЫ

«Шымкент» медресе-колледжінде «Жүрек жылуы» қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Игі шарада «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат қажы Әсембай қасиетті Рамазан айымен құттықтап, діни басқарма тарапынан қолға алынған шараның маңыздылығына айрықша тоқталды.

Қайырымдылық шара барысында медресе-колледждің 71 ұстазы мен қызметкеріне және қаладағы көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі 150 отбасыға азық-түлік пакеті таратылды.

От haqjoly.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *