ШЫМКЕНТ: «Жусан» операциясымен келген отбасыларға көмек көрсетілді

0
1501

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасымен қолға алынған  «Жүрек жылуы» шарасы аясында Шымкент қаласына «Жусан» операциясы арқылы келген отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетілді.

Қайырымдылық шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов, найб имам Мұхамеджан Естеміров, қалалық «Жастар ісі» секторының жетекшісі Анарғали Керімбеков және «Зекет» қорының өкілі Айбек Азимбаевтар қатысып, жүзеге асырды.

Айта кету керек,  Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының ұсынысымен «Жусан» операциясы арқылы келген 12 отбасыларға азық-түлік және тұрмыстық заттар үлестірілді.