
2019 жылдың 4 наурыз күні, Шымкент қаласы ішкі саясат жəне дін істері басқармасы» Дін мəселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің бөлім басшысы И.Айтаевтың қатысуымен Қ.Р Ішкі істер Министрлігі Шымкент қаласының жəне Түркістан облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлерімен «Діни экстремистік жəне террористік ұйымдардың идеологиялық негіздері жəне əрекеттер тактикасы, олардың алдын алу мен оған қарсы тұрудың жалпы мəселелері», «Өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын-алу жəне жол бермеу» тақырыптарында кездесу өтті. Кездесу барысында экстремистік ұйымдардың тізімдері мен іс-əрекеттері айтылып, жəне олардан сақтану мəселелеріне тоқталып өтті.
Дəстүрлі діндердің тағылымында өзіне-өзі қол жұмсау қайтарылған амалдар екеніне ерекше тоқталып өтті. Сұхбат барысында тақырыптар кеңінен ашылып, толық жеткізілді. Сұрақтар қанағаттандырылды .








