Терроризм идеологиясына қарсы тұрудағы БАҚ рөлі

0
1484

Бүгінгі таңда бүкіл адамзаттың қауіп-қатеріне айналған терроризм мен экстремизмге қарсы , бүкіл әлем сияқты, біздің мемлекетте көптеген жылдар бойы қарсы іс-қимылдың тиімді шараларын табуға тырысуда.
Терроризмнің ұлты, нәсілі жоқ. Ол шынайы келбетін діни немесе саяси идеологиялардың астында жасырады. Терроризм қоғам санасына тек психологиялық қысым көрсетіп ғана қоймай, жаппай адам құрбандарына әкеледі. Кейде қалпына келмейтін материалдық және рухани құндылықтардың бұзылуына әкеп соқтырады. Мемлекеттер арасында соғыстарды, келіспеушіліктер, әлеуметтік және ұлттық топтар арасында сенімсіздік пен жеккөрушілік тудырады. Адам саудасы, қару саудасы, есіртке, зорлық-зомыбылық және т.б. мұның бәрі терроризм салдары. Терроризм актісі өзінің негізінде бүкіл қоғамды зорлық-зомбылықтың көрінісі болып табылады, ал террористердің қолданатын негізгі құрал жастар болып табылады.
Адамдардың террористік ұйымдарға тартуда және радикалдандыруда басты себептерінің бірі терроризм идеологиясының таралуын айтуға болады. Радикализм феномені адамның рухани әлемімен байланысы бар. Себебі кез келген адам іс-әрекет жасамастан бұрын, айналадағы процестер мен қоршаған шындыққа түсінік алып және осы түсініктерге сенуі және оны бір іс-әрекет жасауға және басқаларды жасаудан тартынуға итермелейтін өз ұстанымын қалыптастыруы тиіс. Яғни, мысалы, жарылыс құрылғысын жасау және салу алдында адам осындай моральдық-психологиялық өңдеуге ұшырап, содан кейін ол өзі үшін шешім қабылдап және сол шешімін «қалыптасқан жағдайдан жалғыз шығу»деп сенеді.
Осыған байланысты адамның дүниетанымын қалыптастырудағы БАҚ рөлі өте жоғары.
Террористер өзінің идеологиясы мен көзқарастары жайлы ақпаратын тарату мақсатында масс-медиа және БАҚ арналарын пайдалануға әрдайым ұмтылады. Сонымен қатар, олар өз іс-әрекеттерін жария етуге ғана емес, сол жасаған іс-әрекеттерінің заңдылығы мен моральдық жақтарын журналистерден құптау күтіп, сол арқылы террористік және экстремистік топтарына жаңа мүшелерді тартуға тырысады.
Террористтік топтар өздерінің қылмыстық қызметін жүзеге асыра отырып журналистердің қоғамдық пікірге тигізетін әсерін ескере отыра, оны белсенді пайдалануға тырысады. Ақпараттық әсерді қоғамның санасы мен мінез-құлқын манипуляциялаудың маңызды элементі ретінде пайдалану қазіргі заманғы терроризмнің ерекшелігі болып табылады. Іс жүзінде көптеген террорлық топтар өздерінің масс-медиа, интернет-сайттары бар. Өз кезегінде журналистер үшін террористік көріністер (жарылыстар, өртеу, атыс, кісі өлтіру) – орталық ақпараттық себеп.
Өкінішке орай, журналистер жаңалықтарды бірінші жария етуге және оларға эксклюзивті құқықтарына көбірек көңіл бөледі. Террорлық акт жасалған жерден шұғыл түрде ақпарат бере тұра, БАҚ өкілдері террорлық топтарға астарлы түрде жарнама жасап жатқанын аңғармайды. Осылайша бүкіл әлем бойынша лаңкестік топтардың жойқын идеяларын тарата және басып шығара отырып, масс-медиа өздері тұзаққа түсіп мақсатты түрде террористік насихаттың құрбандары болады.
БАҚ өкілдері болып жатқан оқиғалар туралы бізді хабардар етіп қана қоймай, сонымен қатар негізгі анықтамаларды тұжырымдайды, қандай да бір оқиғаны түсіндіру шеңберін қоя отырып, қорытындылар береді.
БАҚ-қоғамдық пікірді қалыптастырудың қуатты құралы. Сондықтан журналистер қызметінің маңызды бағыты қоғамдағы террористік және экстремистік ұйымдардың беделін түсіру, террордың, саяси және діни экстремизмнің кез келген көріністеріне, мемлекеттің тұтастығына нұқсан келтіруге және ұлтаралық және діни араздықты қоздыруға бағытталған әрекеттерге төзбеушілік жағдайын жасау болып табылады. Террористік және экстремистік ұйымдардың қылмыстық мәнін ашатын мәліметтердің таралуына ықпал ету қажет.
Қоғам журналистік жұмыстарды ең алдымен, кез келген салауатты қоғамның негізгі міндеттерін шешуге жарамдылығы тұрғысынан бағалауы тиіс:зорлық-зомбылық, яғни терроризм мен экстремизм идеологиясының таралуына қарсы әрекет ету;
моральдық, адамгершілік және дені сау жас ұрпақты дамыту;
Отанға деген патриоттық сезімді жастарды тәрбиелеу;
өмірлік жетістіктің негізі ретінде өзінің жасампаз еңбегін қарастыратын адамгершілік идеологияны қалыптастыру.
Осындай өмірлік ұстанымы бар адамдар, біздің ойымызша, елді экстремизм мен лаңкестіктен арылту үшін көп нәрсе жасай алады!
Терроризм қаупі толығымен жоюға болады. Бірақ оны жеңудің міндетті шарты-қоғамның барлық жіктерінің күшін біріктіру. Мәселе қандай да бір, террористік топтарды ұйымды жою емес. Басты мәселе-терроризм идеологиясын жою.

Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ маманы
Күндебай Нұржан