Үйдің сәні мен әнін келтіретін – дастархан. Қазан қайнап тұрса, ақыл сайрап тұрады дейді қазақ халқы. Расында, үстелі жайнап тұрған шаңырақтың берекесі қашпайды. Ал, дастарханның шырайы мен дәмін кіргізу қашан да – әйелдің қолында. Әсіресе заман озған сайын ас мәзірінің қатары да қалысар емес. Осыған орай, ҚМДБ-ның Түркістан облысы бойынша өкілдігі әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ қолдауымен «Тортты дәмді пісіру» жайында түрлі тәттілер пісіріп үйренуден шеберлік сабағы өтті.
Шеберлік сабағына Түркістан облысының әйел-қыздар секторында сауат ашу курсының шәкірттері қатысты.
Шеберлік сағаты барысында нәзік жанды арулар рулет, кызыл бархат сынды түрлі тәттілерді әдемі, дәмді етіп пісірудің қыр-сырларын үйренді. Ас үйдің сәнін келтірер қыз-келіншектер шеберліктеріне шеберлік қосып, аспаздықты меңгерді. Жиналғандар шеберлік сағатында үйренгендеріне ризашылықтарын білдірді.
![](http://haqjoly.kz/wp-content/uploads/2020/02/84874793_562789260978481_8650442795640684544_n.jpg)
![](http://haqjoly.kz/wp-content/uploads/2020/02/84725880_562789590978448_2408921537122926592_n.jpg)
Ақпарат көзі: Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ