Үйдің сәні мен әнін келтіретін – дастархан

0
2027

Үйдің сәні мен әнін келтіретін – дастархан. Қазан қайнап тұрса, ақыл сайрап тұрады дейді қазақ халқы. Расында, үстелі жайнап тұрған шаңырақтың берекесі қашпайды. Ал, дастарханның шырайы мен дәмін кіргізу қашан да – әйелдің қолында. Әсіресе заман озған сайын ас мәзірінің қатары да қалысар емес. Осыған орай, ҚМДБ-ның Түркістан облысы бойынша өкілдігі әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ қолдауымен «Тортты дәмді пісіру» жайында түрлі тәттілер пісіріп үйренуден шеберлік сабағы өтті. 
Шеберлік сабағына Түркістан облысының әйел-қыздар секторында сауат ашу курсының шәкірттері қатысты.
Шеберлік сағаты барысында нәзік жанды арулар рулет, кызыл бархат сынды түрлі тәттілерді әдемі, дәмді етіп пісірудің қыр-сырларын үйренді. Ас үйдің сәнін келтірер қыз-келіншектер шеберліктеріне шеберлік қосып, аспаздықты меңгерді. Жиналғандар шеберлік сағатында үйренгендеріне ризашылықтарын білдірді.




Ақпарат көзі: Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ