Құран Кәрімдегі көркем мінез

0
3132

Құран Кәрім-бүкіл адамзат атаулыға жіберілген бір кітап. Қай ғасырда болмасын мұқтаждықтары мен қажеттіліктеріне жауап бере алатын шындықпен данышпандыққа толы.                     
Құран Кәрім-Пайғамбарымыздың ең ұлы да мәңгі мұғжизасы. Сөздері мен мағанасы әрі қамтитын ұлы ақиқаттармен теңдесі жоқ мұғжиза. Құрандағы көптеген аяттар ғылыми ақиқаттарды түсіндерді. Білім күннен-күнге дамыған сайын  Құранның аяттары дұрыс болып шығуда, ешқандай аят ғылымға қарсы келмейді.
Он төрт ғасыр бойы бірде-бір сөз түгіл нүктесі өзгермеген. Құран бүгінде өзінің қиссаларында ғылым мен білімнің әртүрлі салаларынан хабар беріп, сонысымен шынында ол Алла тағаланың сөзі екенін дәлелдейді. Құранда ғылымның салалары бойынша күрделі мәселелер туралы айтылған және де Құранның түсуіне он төрт ғасыр болсада қазіргі күнге дейін оның қиссаларындағы ғылыми хабарлар змбриология, физиология, астрономия, геология және метереологиядағы жаңалықтармен толық сәйкес келеді. Пайғамбарымыз Хазіреті Мұхаммедке Құран түскен кезде арабтардың үлкен бөлігі сауатсыз болған. Бұл кезде білім жағынан алда болған Рим және Парсы өркениеттері еді. Бірақ Құранның түсуі арабтардың тез дамуына күш беріп, оларды ғылым мен білім саласында көптеген табыстарға жеткізді. Осыған мысал ретінде матиматика мен қазіргі күнге дейін арабша атауы ағылшын, орыс және басқа тілдерде сақталған алгебраны алсақ болады. Ал арабша цифралар аз ғана батыс мәнеріне өзгертілген түрде қазір де қолданылады. Өзінің еңбегінде белгілі исламтанушы Уильям Монтгомери Уоот былай деген:  «Арабтардың зерттеушілерін, ақыл – ойын, көптеген әдеби және философиялық шығарларын толық алып қосып қарағанда, Еуропаның философиясы мен ғылымы арабтарсыз қазіргі деңгейге жете алмаған болар еді. Арабтар көне гректердің ақыл – ойын тек қана жеткізіп қана қойған жоқ, соны ары қарай алға алып барып дамытушы болып есептелді. Шамамен 1100 жылы еуропалықтар арабтардың философиясы мен ғылымына енді назар аударғанда арабтардың өзінде бұл ғылымдар жақсы дамып, гүлденген шағына жеткен еді. Еуропалықтардың алға жылжуы үшін ең алдымен арабтардың мәдениетін, ғылымын үйреніп алу керек болды».
Мұсылмандардың ғылымда мұндай жоғары дәрежеге жеткізулерінің сыры дін мен ғылымды қатар алып жүрулерінде еді. Қасиетті Құранның өзі адамзатты ғылым меңгеруге шақырады, ілім үйренуді міндеттейді.
Анық және түсінуге оңай араб тілінде түсірілген Құран жалпы сенім, ғибадат және ахлақ негіздеріне тоқталған. Адамдардың әлеуметтік, мәдени және экономикалық мәселелерін шешуі ережелер ұсынған. Құранның сөздері үкімдері мен теориялары толық тәртіптелген. Құран Кәрімнің негізі адам.
Адамзаттың бақытты болуын мақсат етеді. Ұсынған мәліметтері, түсініктері мен теориялары нақты ғылым мен санаға сәйкес келеді. Құранда рух, қиямет күні және ажал сияқты тақырыптарды Аллаға қалдырады. Адамдарды әлем сияқты ойлауға, болмыстарды зерттеуге және ақиқаттарды ашуға шақырады. Еліктеу және жалқаулықтан құтылуға кеңес береді. Тарихты және тарихи оқиғаларды тура және ақиқат жағын көрсетіп үйретеді. Адамдардың дүниеде өмір сүруі тәсілдері мен ережелерін анықтайды.
Адам бойындағы ұлы қасиет әрбәр адамның мінез – құлқын көркем етуі, отбасы өскен ортасындағы тәлім – тәрбиесімен бірге өзінің де ақыл – парасат, күш – жігеріне, ынта – ықыласына, ең бастысы жаратылысына байланысты. Әке – шешесі, ұстаздары, туған – туыс, құрбы – құрдастары жақсы жандар болып, қаншама ізгі тәлім – тәрбиеде өссе де, санасы, таным – түсінігі таяз, мінез ұсақ, жан – дүниесі терең сезімсіз, көзқарасы құбылмалы болып өсіп, ержетсе мінезі көркем бола алмайды. Ол неге солай жаратылады?, бұл да бір адам жанының жұмбақ әлемі. Алайда, адамдардың көркем мінезді болуына имандылық жолға түсуінің ықпалы зор.
Алладан көркем, мінез – құлық тілеуі:
Қасиетті Құран Кәрімде айтылған жақсы әдептілік сипаттамаларының бәрі Расулуллаға (с.ғ.с) тән еді. Сол себепті, Айша анамыздан: «Ей, мүминдердің анасы (р.а), Расулуллаһтың (с.ғ.с) мінез – құлқы қандай еді?», — деп жалбарынған: «Ия, Раббым! Өзіңнен денсаулық пен көркем мінез – құлық тілеймін. Әрі нәпсіге еруден сақтаеуды. Өзің мен адамдарға аманатшыл болып, тағдырға разы болуымды сұраймын». (Хадисті Абдулла ибн Амр (р.а) риуаят еткен).
Иә, біздің Ұлық Пайғамбарымыз қашанда әдептілікке, көркем мінез – қылық танытуға айрықша көңіл бөлген. Содан айнаға қараған сайын: «Жаратылысымды көрікті еткен Жаратқан Ием, мінезімді де көркем ету», — деп тілепті. Өйтпегенде ше, көркем мінез –өркениет шарттарының бірі, ал Пайғамбарымыздың болса өмір бойы адамзатты өркениетке жетелеп, оған жетудің бірі ізгі жолы көркем мінезділік, имандылық екенін үмметіне көрсетіп кетті. Қазір әлем діндерінің қай –қайсы да Құран Кәрімнің Ислам дінін ұстанған мұсылмандардың бәрін көркем мінезділікке үндейтін өсиеттер көп. Сол өсиеттердің жұлдызды бір шоғыры мынандай ғибратты сөздер: «Мұсылманның ішіндегі ең абзалы – мінезі ең жақсысы», «Мұсылман көркеммінезділігімен күндізін (нәпіл) оразамен, түнін (нәпіл) намаздармен өткізген адамның дәрежесіне жетеді. Қияметтегі таразыға салынған амалдарды салмақты ететін де көркем мінезділік». «Қияметкүні таразыға қойылатын нәрселердің ең әуелгісі, жақсы мінез бен жомарттық. Алла тағала иманды жаратқан кезде, Иман: « Ия, Алла! Мені қуаттандыр, — деді. Алла тағала оған көркем мінез бен жан жылуын беріп, оны қуатты қылды. Сонда күпірлік: «Ия Алла! Маған күш бер, — деп сұрады. Алла оған сараңдық пен жаман мінез беріп, қуаттандырды». (Әбу Дәуіт, Термизидан)
Көркем мінез имандылықтан. Адам баласы байлыққа, атақ – даңққа, қымбат дүниеге деген құмарлық сезімін жүрегінен сылып тастап, оның орнын Алла деген махаббатқа, мейірімділік, адалдық, уәдесінде тұру, кісі ақысын жемеу, біреуді алдап – арбамау тәрізді ізгі істерге, ақ ниетке толтырса, бұл оның бойындағы ең көркем мінез болып табылады. Ал, жүрегіндегі байлық пен атақ – даңққа, қымбат дүниеге деген құмарлығын ары арттырып, оны қиянатқа, кісіні қорлау, бас мүддесіне пайдалану, жылату тәрізді қара ниетке толтырса, оның зияны өзімен бірге ұрпақтарына тиеді. Және бұл ең лас, ең шірк, жаман мінез – қылыққа жатады.
Ислам – әдептілік және жақсы мінез діні. Пайғамбарымыз «Жақсы мінездерді дүниеге жаю үшін жіберілдім» — деп бұйырған. Расулулла алейһиссалам тағы «Сендердің иман жағынан кәміл болғандарың мінезі жақсы болып, адамдарға жақсылық жасағандарың»  деп тіпті иманды да мінезбен және адамдарға пайдалы болумен өлшенген.
Алла тағала Құран Кәрімде Пайғамбарымызды «Ақиқатта сен үстем мінез иессің» — деп бұйырып, мінез – құлқын мақтаған.
Кімде – кім көркем мінезді болса, Расулулла (с.ғ.с) ның мінезімен безенген болады және оның жолын ұстанған болады. Расулулла алейһиссаламның көркем мінездері өте көп. Әрбір мұсылманның бұларды үйренуі және бұл мінездері өзіне тоқуы керек. Осылайша дүниеде және ақыретте пәлекеттерден, қиыншылықтардан құтылу және екі дүниенің сардарының шапағатына қауышуы нәсіп болады.
Пайғамбарымыз мына дұғаны көп оқитын еді:
«Аллаһумма инни әс-әлукәссихата уәл – әмәнтәә уә хуснал – хулқи уәрридаә билқадари бирахматика йа архамаррахимин».
Дұғаның мағынасы: «Ей мейірімділердің ең мейірімдісі АЛЛА мейіріміңнің хаққы үшін денсаулық, амандық, аманатқа мұқият болуды, көркем мінезді болуды және тағдырыңа разы болуды нәсіп ет!». Ислам ғалымдары тәрбиеде және көркем мінезде Ислам дінінң байрағы болған және Исламды дүние жүзіне осылай танытқан. Пайғамбарымыз «Алла тағаланың мінезімен мінездеріңіздер!»  деп бұйырған. Алла тағаланың сипаттарының бірі Саттар, яғни күнәларды перделеуші. Мұсылманның да дін бауырынң кемшіліктерін жабуы керек. Алла тағала құлдарының күнәларының кешіруші. Мұсылмандар да бір – бірінің кемшіліктерін, айыбын кешіруі тиіс. Алла тағала – Кәрим, Рахим. Яғни мейірімі, ихсаны, рахымы мол. Мұсылман да жомарт және мейірімді болуы кепек. Бүкіл көркем мінездерде осылай.

Ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, дінтанушы маман
Исмаил Абулхайров