Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесті

0
1498

Бүгін елордада Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесті.
Кездесу барысында тараптар діни саладағы ағымдағы жағдайды талқылап, Қазақстанның тарихи және рухани байлығын сақтауға бағытталған шараларға назар аударды.
Сондай-ақ, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Наурызбай қажы Тағанұлын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти лауазымына сайлануымен құттықтады.
-Тағайындалуыңызбен құттықтаймын. Сіздің тиісті білім мен тәжірибеңіздің бар екенін білемін. Қызметтеріңізге табыс тілеймін, — деді Елбасы.

Ақпарат көзі: https://www.muftyat.kz/kk/news/qmdb/2020-02-26/30385-tungysh-prezident-bas-mufti-nauryzbai-kazhy-taganulymen-kezdesti/?fbclid=IwAR3R6mhmDliLWowGf0D6-orNLEvoSRL9pCPBokzkPM3Y8pUcULO43GrvQuc