Атырау облысында деструктивті дінді ұстанушылар 10-нан аса қылмыс жасаған

0
971

Атырау облысының аумағында деструктивті діни ағымды ұстанушылар 10-нан аса қылмыс жасаған.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жат ағымдағы тұлғалардың бөтеннің мүлкін ұрлау, заңсыз балық аулау, бопсалау, ұрып-соғып, денеге жарақат салу, қасақана ауыр дене жарақатын келтіру секілді қылмыстарға қатысы бар. «Жыл басынан бері оннан аса қылмысты тергеу барысында олардың жалпы құны 2 млн теңге көлемінде материалдық залал келтіргені анықталды.

Сондай-ақ, деструктивті ​ діни ағым ұстанушылары тарапынан төтенше жағдай​ режимін бұзу фактілері де тіркеліп отыр. Әрбір факті бойынша қылмыстық және әкімшілік жаза жүргізілуде», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық іс-жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Ақпарат көзі: https://adyrna.kz/post/37568