Бас имам бітіруші түлектермен кездесті

0
366

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Шымкент» медресе-колледжінде «Жолың болсын жас түлек» тақырыбы аясында 2022 жылғы бітіруші түлектермен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, «Шымкент» медресе колледжінің директоры Талғат Әсембай, қалалық «Дархан дала» отандық туризм бөлімінің жетекшісі, найб имам Мұхамеджан Естеміров, қалалық «Халал Даму» ЖШС бөлімінің бақылаушы маманы Қазыбек Сарыбаевтар  мен ұстаздары қатысты.

Ұйымдастырылған шара барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы ҚМДБ-ның оқу бағдарламасы сәйкес, діни кадр әлеуметін арттыру бойынша жан-жақты баян етіп,  шәкірттерге білім алу, елге қызмет ету және діни қызметтің жауапткершілігі жөнінде  тәжірибесімен бөлісті.  

Осы орайда, «Шымкент» медресе колледжінің директоры Талғат Әсембай мырза Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы бастап келген өкілдік қызметкерлеріне алғыс айтып, ризалық білдірді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі