qurban2020.kz сайты арқылы 3800 шымкенттік өтінім берген

0
950

Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты құрбандық шалуға тапсырыс беру мен мұқтаж жандардан өтініш алу онлайн режимде жүзеге асырылды. qurban2020.kz сайтында құрбандық малын шалу үшін тапсырыс берушілер саны 300-ді құраған. Ірі қара саны 15, қой саны 76, тоқты 179, ешкі 30.

Жалпы сайт арқылы 3800 Шымкент тұрғыны ет алуға өтініш білдіріпті. Бүгін 500 отбасына құрбандық жеткізілген. Қалған өтінімдер күні ертең өз иелеріне табысталатын болады.