Теракт жасамақ болған лаңкес ұсталды

0
964

KAZISLAM – Францияның арнайы қазылар алқасы 2015 жылдың сәуірінде Вильжюиф қаласында теракт жасамақ болған радикалды исламшыл Сид Ахмед Гламды өмір бойына бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды ТАСС, BFM телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна еске салғандай, полиция Гламды теракт жасамас бұрын ұстады, бірақ оған дейін ол гаражда 32 жастағы француз әйел Орели Шатленді қылмысқа дайындықтың куәсі болғаны үшін атып өлтірді.

«Сот Джульеттаға (Шателейннің төрт жасар қызы — ТАСС) анасын қайтармайды, бірақ бұл оған қоғамда зорлық емес, әділеттіліктің болатындығын көрсетеді», — деді сот процесі барысында прокуратура өкілі. Сотталушының өзі «істеген ісіне өкінетінін және өзін өмір бойы кінәлі деп санайтынын» айтты. Сонымен қатар айыптаушы тарап Гламның сыбайластарына жаза тағайындауды талап етті.

Парижде оқып жүрген алжирлік студент Глам 2015 жылдың сәуірінде Франция астанасының оңтүстік-шығысында орналасқан Вильжюиф қаласында теракт жасамақ болған. Тергеу мәліметтері бойынша, ол жексенбілік дұға кезінде жергілікті католик шіркеуіне кіріп, приходшылар мен діни қызметкерді атып өлтірмек болған. Радикал шабуыл жасай алмады, аяғынан ауыр жарақат алды. Сарапшылардың пікірінше, ол абайсызда өзі автоматпен өзін-өзі жаралаған.

Жауап алу кезінде Глам  Шатленді өлтіргенін жоққа шығарды және әйелге оның сыбайласы абайсызда оқ атқанын мәлімдеді. Сонымен қатар шабуылды жасамау үшін Вильжюифте өзін-өзі әдейі атқан деп мәлімдеді. Алайда, тергеу оқтың екеуі де Гламның қаруынан атылғанын дәлелдеді. Сотталушы Түркияға сапарлары кезінде «Ислам мемлекеті» террористік тобының (Қазақстанда тыйым салынған) жақтастары қатарынан қарқынды идеологиялық насихат жұмыстарына  ұшыратды деп мәлімдеді. Тергеушілер Гламның шынымен де ИМ-нің екі басшысымен телефон арқылы сөйлескенін анықтады.

Глам ісі бойынша тағы тоғыз адам өтеді. Олар оның сыбайласы болды деп күдіктелуде.