Түркия: құтқару жұмыстарына 103 800 маман жұмылдырылған

0
230

Түркияның вице-президенті Фуат Октай Кахраманмараштағы жер сілкінісінің зардаптарын жою үшін 103 800 маман жұмыс жүргізіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Анадолы агенттігі. Бүгінге дейін Түркияда 790 афтершок, яғни жер сілкінісі орын алған, олардың 3-і 6 баллдан, 24-і 5 баллдан жоғары болған. Қазіргі күні елде 66 мемлекеттен келген іздеу-құтқару мамандары тер төгуде. “Олардың 4 мыңнан астамы келіп үлгерді, қазір іске кірісті, тағы 1756 адам келе жатыр. Біз бүгін оларды да арнайы орындарға бөлеміз”, – деді ол. Вице-президенттің айтуынша, зілзала болған жерлерде 5 531 ауыр техника мен 900 кран жұмыс істеп жатыр. Одан бөлек, 10 кеме, 50 ұшақ, 72 тікұшақ құтқару жұмыстарына жұмылдырылған. 500 мыңнан астам адам арнайы орындарды паналауда.