Шымкент: Имамдар тәжірибе алмасты

0
1008

Шымкент қаласына Түркістан облысы Төлеби ауданының имамдары достық һәм іс-тәжірибе алмасу бойынша арнайы іссапармен келді.

Түркістан облысы Төлеби аудандық мешіттің бас имамы Самат Анарбаев бастаған бір топ делегацияны Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов қабылдап, игі бастама Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тікелей қолдауымен жүзеге асырылып жатқанын атап өтіп, екіжақты тәжірибе алмау жұмыстарына сәттілік тіледі.

Осыдан кейін Шымкент орталық мешітінің сала бойынша жауапты мамандарының бөлмелеріне бас сұғып, әр бөлімнің жұмысымен жеке-жеке танысты. Сонымен қатар сала мамандарының қатысуымен арнайы аймақтық семинар ұйымдастырылды. Семинар жұмысын Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов ашып, жүргізіп отырды.

Семинар барысында уағыз-насихат тобының жетекшісі Еркебұлан Қарақұлов, хаттамалық, кеңсе жұмыстары, кітап һәм баспасөз қызметі бойынша Мұхамеджан Естеміровтың, қажылық һәм әуеметтік желі жөніндегі жетекшісі Азамат Әбдікерімұлының және жат ағымдар бойынша діни оңалту бөлімінің жетекшісі Дастан Желеуов, қалалық Жастар ісі секторының өкілі Анарғали Керімбеков пен «Халал Даму» бөлімінің Шымкенттегі өкілі Қазыбек Сарыбаевтың дәрісі тыңдалды.

Өз кезегінде Төлеби аудандық мешіттің бас имамы Самат Анарбаев сөз алып,  Түркістан облысының бас имамы Мұсабек Ақтамбердінің сәлемін жеткізіп, Шымкент қаласы бойынша атқарылған жұмыстарға сәттілік тілеп, ризалығын білдірді.