«ӘБУ ХАНИФА» ТҮЛЕКТЕРІ ДИПЛОМ АЛДЫ

0
438

Алматыдағы «Әбу Ханифа» медресе-колледжінің бітіруші түлектері қорытынды емтихан тапсырып, диплом алды.

Түлектерге диплом табыстау рәсіміне ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы, Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы мен «Әбу Ханифа» медресе-колледжінің директоры Құлмұхаммед Махамбет қатысып, болашақ имам-ұстаздарға дін жолында сәттілік тіледі.

«Әбу Ханифа» медресе-колледжін биылғы 2021-2022 оқу жылында 23 шәкірт аяқтады. Оның ішінде 3 бітіруші түлекке үздік қызыл диплом табысталды. ҚМДБ келісім-шартының негізінде 2 бітіруші түлек Түркияның Хасеки діни оқу орнына қабылданды. Ал білімін жалғастыруды көздеген 10 шәкірт Нұр-Мүбарак Египет Ислам университетіне оқуға тапсырушы талапкерлер қатарында. Ал 11 бітіруші түлек өңірлерде діни қызметке жолдама алғалы отыр.

Іс-шара соңында  наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы бітіруші түлектерді дін жолында аянбай еңбек етуге шақырып, сәттілік тілеп ақ батасын берді.