Шымкент қаласы бас имамының орынбасары, Түркістан облысының бас имамы болып тағайындалды

0
840

ҚМДБ Төрағасының бұйрығымен Түркістан облысының имамы ауысты. Бұл қызметке Еркебұлан Қарақұлов тағайындалды.

Облыстың жаңа бас имамын ҚМДБ Төрағасының орынбасары Ершат Оңғаров таныстырды. Наиб Мүфти ауыс-түйістердің оңды өзгерістер үшін орындалатынын айтты.

Бұған дейін Түркістан облысының бас имамы болған Мұсабек Ақтамберді Шымкент қаласы бас имамының бірінші орынбасары қызметіне ауыстырылды. Түркістан имамдары Мұсабек Ақтамбердіге ризашылығын білдіріп, иығына шапан жауып шығарып салды.

Еркебұлан Қарақұлов бұған дейін БҚО, Алматы, Шымкент қалаларында еңбек еткен. Жоғары білімді, тәжірибелі маман, РАНТ мүшесі.

Төраға орынбасары жаңадан тағайындалған имамдардың жұмысына сәттілік тілеп, сенім білдірді. Алла Тағала абырой Берсін!