«Жаңа Қазақстан» Республикалық референдум

0
1580

5 маусым күні елімізде Конституциямызға өзгерістер енгізуге арналған жалпыхалықтық референдум болады. Бұл жолғы референдум Қазақстандағы өте маңызды тарихи іс-шара болмақ. Әрбір елдің тарихында шешуші бір кезеңдер, маңызды қадамдар болады.  Бізде сол қадамдарды тәуелсіздігіміздің 30 жылдық белесінде кезігіп тұрмыз. Референдумға қатысуымыз – бұл болашаққа жасалған дұрыс таңдау, келешек ұрпақтың игілігі жолындағы іргелі іс. делінген. Конституциямызға жасалып жатқан оң өзгерістер – жаңа бетбұрыстың бастауы.  қоғамда оң өзгерістер жасау, халқымызға жарқын болашақ сыйлау жолында бар күш-жігерін сарп етіп келеді. Енді міне, жұртшылықтың талабын орындап, халық үніне құлақ асатын «еститін мемлекет» қалыптастырып жатыр. Елдің болашағына, келешек тағдырына қатысты өзгерістер осылай, яғни халықтың тікелей қатысуы арқылы шешіледі. Мемлекет басшысының халықтың пікіріне құлақ асып, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін референдум жариялауын  қолға алынған қажетті бастама деп түсінеміз.  Жалпыхалықтық референдум кезінде еліміздің негізгі заңы – Конституциямызға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Бұл дегеніміз – біздің қоғамның өз ойын ашық айтуға берілген мүмкіндік. Ел халқының белсенді болуы маңызды. Жаңа Қазақстанды қалыптастыру жолында сіздің де бастамаларыңыз референдумда көтерілуі тиіс.

Алдағы Конституциялық ре­форма нәтижесінде Ата Заң­дағы 98 баптың 33-і өзгере­ді деп күтілуде. Референдум­да ел қол­даса, онда Ата Заңға тү­зе­­тулер биыл күшіне енбек. Тек Парламентке және Конс­­ти­туциялық соттың қыз­метіне қатысты нормалар 2023 жылдың 1 қаңтарынан бас­тап күшіне енгізілуі мүм­кін. Бұл – жыл соңына дейін осы конституциялық жаңашыл­дық­тарды жүзеге асыру үшін қажетті заңдардың тұтас топтамасын қабылдау қажеттілігімен байланысты.

Конституцияның 6-бабына «Жер және жер қойнауы – халықтың меншігі, байлығы» деген бап енгізілмек. Бұл – халқы­мыздың талабы. Бұл Президент айтқан Жаңа Қазақстандағы әділеттіліктің орнауы болмақ. Қолданыстағы Конституцияда «Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануар­лар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады» деп жазылған.

Реформа аясында Қазақстан басқарудың суперпрезиденттік үлгісінен бас тартады. Тәуел­сіздікті қалыптастырудың, мем­­лекет құрудың бастапқы кезе­ңінде бұл даму моделі қажет те еді. Бірақ қазір заман өзгерді. Сондықтан суперпрезиденттік басқарудан дамыған елдердегі секілді мықты Парламентке сүйенген президенттік респуб­ликаға біржола көшеміз. Пар­ламенттің құзыры мен рөлі күшейеді. Мұндай жүйе билік­тің үш тармағының (Парламент, сот және атқарушы биліктің) оңтай­лы тепе-теңдігін қамтамасыз етіп, елімізді орнықты дамытуға септеседі.

Біз референдумда Ата Заңға енгізілетін  түзетулерді құптасақ, онда Президенттің өкілет­тігі бір­шама азаяды. Мысалы, Мемлекет бас­­шысы облыс­тардың, мега­полис­тердің әкім­дері қабылдаған шешімдерді, шығарған актілерді жою, ол құжаттардың күшін тіпті уа­қыт­ша болса да тоқтата тұру құқығынан айырылады.

Президент аудан, тіпті ауыл әкімдерін де лауа­зы­мынан босата алмайтын бо­лады. Өйткені Қ.Тоқаев бас­т­а­машы болған саяси жаң­ғыру­лар аясында елімізде ауыл және аудан әкімдері сайланады. Тиі­сін­ше, ауыл, аудан жұрт­шы­лы­ғы өзі сайлаған әкімін қызметі­нен өздері алып тастай алады. Мем­лекет басшысы сайланған әкімге тиісе алмайды.

Ата Заңға енгізілгелі отыр­ған өзгерістер Парламентті, мәс­лихаттарды, жергілікті би­лік­ті күшейтуге бағытталған. Нәти­жесінде, олар қысылтаяң шақтарда өз бетінше жұмысын жалғастыруға қабілетті болады, бір кісіге қарап отырмайды. Осының арқасында Президент болып қандай тұлға сайланса да, оның биліктің барлық тар­мағына билік жүргізуіне жол берілмейді. Осы арқылы біз алдыңғы қатарлы елдерге бір табан жақындай түсеміз.

Мұндай өзгерістердің бәрі де биліктің бұқараның пікірін ескеруі, халықпен бірлескен жұмыс тәсіліне көшуі нәтижесінде іске асқалы тұр. Билік пен халық бір-бірін толықтырып, ықпалдасып жұмыс істеген кезде ғана ісіміз алға басады.

«Келісіп пішкен тон келте болмас» дегендей, халықтың қатысуымен, бұқараның бастауымен шешілетін референдум аясында жасалатын тың реформалар еліміздің әрбір азаматына оң әсерін тигізеді деп сенеміз. Тарихи сәтте таңдауымызды жасап, шешуші кезеңде көппен бірге болуға шақырамыз.

А. Жолдасқызы,
Шымкент қаласының дін істері
басқармасы«Дін мәселелерін
зерттеу орталығы» КММ маманы
ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі