Қызылорда: Имамдарының көшпелі жиыны өтті

0
547

ҚМДБ Қызылорда облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен «Нұр» мешітінде қала мешіттері имамдары мен наиб имамдарының көшпелі жиыны өтті.

Имамдар жиыны ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Марат Үркімбаевты қаланың бас имамы қызметіне тағайындау жөніндегі бұйрығын таныстырудан басталды. Қызылорда облысының бас имамы Болатбек Абуов Марат Дайрабайұлының жауапты қызметіне сәттілік тілеп, жауапкершілігі мол жұмысты абыроймен атқаратынына сенім білдірді.

Сыр өңірінің бас имамы Болатбек Ұласқанұлының төрағалығымен өткен жиналыста Ихсан ілімі бағыты бойынша құрылған жұмыс жоспарын пысықтап, жүйелі жұмыстар жүргізілуі, жеті бағыт бойынша жүйелі жұмыс атқарылуын қадағалау, имамдардың қызметтік әдепті сақтауы, жат ағым өкілдерімен күрес жұмыстарын жалғастыру, онлайн форматта дәрістер мен сайыстар өткізу, жастар және әйел жамағатымен жұмысты жандандыру, жергілікті БАҚ пен әлеуметтік желілер арқылы уағыз-насихат жұмыстарын күшейту, жамағатпен кері байланыс орнату, қайырымдылық эстафеталарын ұйымдастыру, мешіттерде санитарлық талаптардың қатаң сақталуы, құжаттардың реттелуі т.б мәселелер талқыланып, бірқатар тапсырмалар берілді.