Президент құттықтау сөз сөйлейді: Биыл Наурыз мерекесі ерекше тойланбақ

0
543

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Наурыз мейрамын атап өту тұжырымдамасының жобасы әзірленді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мәдениет және спорт министрлігі президент тапсырмасымен «Наурыз мейрамын атап өту тұжырымдамасын бекіту туралы» үкімет қаулысының жобасын әзірлеп, «Ашық НҚА» порталында 2021 жылдың 9 ақпанында жариялаған. «Наурыз мейрамының негізгі мақсаты — Қазақстан жерінде бейбітшілік пен достықты нығайту, ұлттық бірегейлікті сақтау, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыру.

Тұжырымдаманың қабылдануы мерекенің мазмұнын байыта түседі», — дейді жобаны әзірлеушілер. Жобада Наурыз мерекесін атап өтуге қатысты іс-шаралар 14-23 наурыз аралығында, яғни 10 күн өткізілетіні айтылған. Тұжырымдаманы іске асыру тетіктері келесідей болмақ: 14 наурыз – «Көрісу күні» 15 наурыз – «Жайлау күні» 16 наурыз – «Шежіре күні» 17 наурыз – «Тарихқа тағзым күні» 18 наурыз – «Игі істер күні» 19 наурыз – «Шымырлық пен шеберлік күні» 20 наурыз – «Зияткерлік күні» 21 наурыз – «Ұлттық тағамдар күні» 22 наурыз – «Ұлыстың ұлы күні» 23 наурыз – «Жоралғы күні»

22 наурыз күні сағат 12.00-де мемлекет басшысының құттықтау сөз сөйлейтіні де жазылған. Президенттің құттықтауы телеарна, интернет арқылы таралып және оны барлық халық тыңдауы үшін Наурызды тойлауға арналған алаңдарда LED экрандар қойылмақ. Айта кетсек, қоғамдық талқылау 2021 жылдың 16 ақпанына дейін жалғасады.