Шымкент: «Исамиддин баба» мешітінің бас имамы тағайындалды

0
1145

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Ербосын Орын Шымкент қаласы Еңбекші ауданындағы «Исамиддин баба» мешітіне бас имам болып тағайындалды.

Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы бұған дейін ҚМДБ Іс басқарушысы қызметін бірнеше жыл абыроймен атқарған Ербосын Бектұрсынұлын мешіт ұжымы мен жамағатына таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.

Ербосын Орын 1995-1997 жылдары Жамбыл облысы Меркі ауданында орналасқан «Меркі» медресесінде білім алған. 1997-1999 жылдары ҚМДБ жанындағы Ислам университетінде оқыған. 2004 жылы ҚМДБ мен Түркия дін істері басқармасының келісімімен Стамбұл қаласындағы «Хасеки» оқу орнында «Имамдардың білімін жетілдіру» курсын аяқтады. 2013 жылы Халықаралық қазақ-түрік университетінде дінтану мамандығын тәмамдады. 2015-2017 жылдары Шет тілдер және іскерлік карьера университетінен дінтану мамандығы бойынша магистратура бітірді.

2003-2012 жылдары Оңтүстік Қазақтан облыстық «Абдулхамид Қаттани» мешітінде наиб имам қызметін атқарған. 2012 жылдың 10 қарашасында Оңтүстік Қазақтан облысының наиб имамы, кейін Шымкент қалалық «Абдулхамид Қаттани» мешітінің бас имамы болды. Соңғы бірнеше жылда ҚМДБ Іс басқарушысы қызметін атқарды.