Әлемдегі ең үлкен мешіт салынады

0
1046

Мысыр билігі ел астанасында әлемдегі ең үлкен мешіт салуды жоспарлап отыр.

Елпрезидентінің ресми өкілі Бассам Рэди Facebook-те жаңа жоба жариялады. «Жаңа әкімшілік астанамыздағы Египет мешіті әлемдегі ең үлкен құлшылық үйлерінің біріне айналады. Оның мұнарасының биіктігі 140 метрге  жетеді. Мешітте ерлер, әйелдер мен балаларға арналған үлкен залдар, іс-шаралар өтетін және Құран оқу бөлмелері болады. Сондай-ақ, тұрақ орны және 3000 көлікке арналған көпқабатты автотұрақ болады», – деді Египет билігінің өкілі.

Әлемдегі ең үлкен мешіт салу туралы жарияланым әлеуметтік желілерде алауыздық тудырды. Интернетте көптеген адамдар бұл жобаны ел ауруханалары COVID-19 жағдайларының тез өсуіне байланысты толып жатқан кезде мемлекет ақшасын ысырап ету деп атады