Маңғыстау: Мешіт имамы жарыстан жүлделі оралды

0
388

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласындағы «Шаңырақ ш/а» мешітінің бас имамы Еркеғали Сағынбайұлы Атырау қаласында өткен Батыс өңірі садақшыларының жарысынан жүлделі оралды.

Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының садақшылары қатысқан ауқымды садақ ату жарысында мешіт имамы 2-орынға ие болды.

«Дархан дала мергендері» дәстүрлі садақ ату, жамбы ату және садақ жасау өнерлерін дамыту клубы бұл шараны садақ ату өнерін насихаттау, осы ұлттық спорт түрінің өзіндік мәдениетін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырды.