Шымкент: Жас қарилар арасында Құран жарыс өтті

0
858

Шымкент орталық мешітінде ардақты әке Төленбай Мырзабайұлын еске алу құрметіне жас қарилар арасында Құран оқудан жарыс өтті.

Іс-шараны ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы мен Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы ашты. Олар Төленбай Мырзабайұлын еске алу құрметіне жасалған шара қатысушыларын құттықтап,  сәттілік тіледі. Рухани шараны қала имамының орынбасары Мұхамеджан Естеміров жүргізіп, жарыс шарттарын түсіндірді.

Жарысқа ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы, «Ықылас» қарилар дайындау орталығының директоры Ықылас Майлан, осы орталықтың ұстазы Кәмілжан Садықов және орталық мешіттің ұстазы Нұрсұлтан Мамедалиев пен Мейірбек Сәрсенбаев төрелік етті.

Жарысқа 63 жас қари қатысты. Жарыс үш номинация, яғни, 10 пара, 5 пара және 30-пара бойынша өткізілді. Төмендегі қарилар топ ішінен озат шығып, жүлделі орынға ие болды.

10 пара бойынша:

1-орын – Әлібек Жалиев

2-орын – Ермек Жұманазаров

3-орын – Нұрислам Ахматжанұлы

5 пара бойынша:

1-орын – Абай Шыңғысұлы

2-орын – Набиолла Дүйсенқұл

3-орын – Бекзат Куржилов

30-пара бойынша:

1-орын – Бақберген Байнұр

2-орын – Сарвар Абдуллаев

3-орын – Нұрмұхаммед Кәдіров.

Ал қалған жарысқа қатысушы қариларға ынталандыру ретінде алғыс хат пен қаржылай сыйлықтар үлестірілді. Айтулы шараның бас демеушісі Төленбай Мырзабайұлының жұбайы Малике Бегайдарова мен ұлы Абай Мырзабаевтарға алғыс айтамыз