Шіркеу басшылығымен кездесу өтті

0
677

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов «Қазақстандағы елулік шіркеулер Одағының» басшылық құрамымен онлайн кездесті.

Одақ тарапынан төраға – Юрий Шумаев, төрағаның орынбасары – Игорь Цай және басқарма мүшелері қатысты.

Әңгіме барысында Е. Нүкежанов Комитет еліміздің діни бірлестіктерімен, соның ішінде Қазақстандағы Елуіншілер шіркеулерінің одағымен сенімді қарым-қатынас орнатуға ерекше назар аударатынын, сонымен қатар, төраға еліміздің діни бірлестіктерінің еріктілікке қатысу, жастарды білім алуға шақыру және еңбекке баулу, тарихи-мәдени мұраны сақтау, қоршаған ортаға ұқыпты қарау сияқты құндылықтарды қалыптастырудағы рөлін атап өтті.

Өз кезегінде, Одақ өкілдері 2020 жылы жүргізілген қайырымдылық жұмыстары, оның ішінде «Мектепке жол», балалар мен қарт адамдарды қорғау күніне, рождестволық және жаңа жылдық мерекелерге көмек және т.б. ерекше маңызды әлеуметтік жобаларды қолдау шеңберінде жүргізілген жұмыстар туралы айтып берді

Сондай-ақ, Одақ басшылығы ағымдағы жылы Қайырымдылық жұмыстарын жалғастыруды жоспарлап отырғанын атап өтіп, мұқтаж адамдарға көмек көрсету бойынша өңірлердегі жергілікті атқарушы органдармен ынтымақтасуға дайын екендіктерін білдірді.

Кездесу соңында тараптар Дін істері комитеті мен Қазақстандағы Елуіншілер шіркеулері одағы арасындағы сындарлы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.