Жастардың діни танымына интернет, әлеуметтік желілердің әсері

0
1583

Еліміз тәуелсіздігімізді алғаннан бері ұмыт бола бастаған көптеген діни және тарихи-мәдени құндылықтарымызға қайта қауыштық. Жастардың діни сауаттылығы қазіргі қоғамда күрделі әрі өзекті мәселелердің бірі. Азаматтардың рухани санасын оятуда діннің алар орны ерекше. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың айтқанындай: «Саясат күнде өзгереді, ал дін – мәңгілік», – деп діннің қоғамдағы орнын айрықша атап көрсетті. Бұл жерде түсінетіміз дін ол кеше, яки бүгін пайда бола салған ұғым емес. Ол сонау Пайғамбарлар заманынан келе жатқан сенім жүйесі. Жастардың діни сауаттылығын арттыруда әрине дәстүрлі дін туралы ақпарат беру маңызды. Өйткені қазіргідей қоғамда дінді бұрыс бұрмалаудың нәтижесінде, оның ішкі-мазмұнына үңілместен қаралайтын да жағдайлар кездеседі. Қазіргі қоғам — жаңа ақпараттық технологиялардың қоғамы және XXI ғасырдың бұл ағымы — қоғам дамуының жаңа дәрежесіне жеткізді. Ақпарат алмасу, қарым-қатынас орнату, жұмыс іздеу, білім алу мүмкіндігі және тағы басқа іс-әрекеттер шынайы әлемге қарағанда виртуалды әлемде жүзеге асатын болды. Интернет жастардың ең сенімді құралдардың біріне айналды. Қазірдің өзінде әлем халқының көпшілігі бетпе-бет жүздесуден гөрі әлеуметтік желі арқылы тілдескенді жөн көреді.

Қазіргі заман технология дамып, ақпарат жан-жақтан ағылып жатқан ғаламтор заманы екені бәрімізге белгілі. Жат ағымды қолдайтындардың үгіт-насихатын осы әлеуметтік желіде үнемі бақылауда ұстау мүмкін емес. Сананы улайтын, теріс пиғылды адамдардың арбауына жастар түсіп, зардабын көруде. Жастар түрлі сайттарға кіріп,әр түрлі парақшаларға тіркеліп, сол оқыған нәрсесін дұрыс деп санап, қоғамннан да сол нәрсені талап етеді. Бұл сөзіме елімізде көптеген азаматтардың ғаламтор арқылы Сирияға кеткені дәлел бола алады.

Ғалымдардың дәлелдеуінше статистикалық нәтижеде әлеуметтік желі тұлғаның бос уақытын қалдырмайды және ойлануына кедергі келтіреді. Әлеуметтік желі көзбе-көз қарым-қатынасты қолданыс аясынан ығыстырады..

Әлеуметтік желіге тәуелділік белгілеріне келер болсақ:

-почтаны себепсізден себепсіз қайта-қайта тексеру;

-ғаламторға қажетсіз кіре беру;

-жақын адамдардың «компьютер алдында көп отырасын» деген айыптаулары;

-уақыт өлшемінің жоғалтуы;

-желідегі қарым-қатынастың басымдылығы;

-міндеттерді ой елегіне алмау; тамақ ішу уақытының, күнделікті режимнің бұзылуы;

-тәуелділіктің барын жоққа шығаруы;

Қазіргі кезде белең алып жатқан кереғар діни ағымдардың таралуына бірден бір көмек көрсететін нәрсе ғаламтор болып табылады. Әлеуметтік желілерде өзінің астыртын саясатын діни парақшаларға таратып, уағыз-насихат айтып, діни жалған мәліметтермен сананы улау арқылы әлеуметтік желіні қолданушыларды үгіттейді. Әлеуметтік желіні қолданушылардың көп бөлігі жастар екені мәлім.Сол себепті де олардың басқа ағымдарға тез кіруіне ғаламтор бірден бір себепші болып отырғанын өмір көрсетуде.

Қорытындылай келе, жастардың жат діни ағымның жетегінде кетуіне ең алдымен өмір сүріп отырған ортасы мен әлеуметтік желілер себеп болып отырғаны баршаға аян. Сондықтанда әр бір ата-ана, баланы тәрбиелеп отырған орта мен жастардың жұмыс істейтін ортасы жас буынның санасын улайтын жағдайларға жол бермеуі, қатаң қадағалауда ұстауы, әлеуметтік желіде теріс ағымның жетегіне ермеуіне ерекше көңіл бөліп, қатаң қадағалауы тиіс. Мұны қоғам, ұлт, мемлекет, отбасы алдындағы парыз деп түсіну қажет.

Ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі

дінтанушы Бағжан Елтай