Ирландиядағы Лимерик университетінің ғалымдары жүргізген ауқымды зерттеу айналасындағыларға құрметпен және мейірімділікпен қарайтын адамдар әркіммен ренжісіп жүретін адамдармен салыстырғанда әлдеқайда ұзақ өмір сүретіндігін анықтады, деп хабарлайды «МедДейли».

Ғалымдардың пікірінше, бұл факт иммундық жүйенің жұмысына тікелей байланысты. Өйткені, егер дененің қорғаныс күштері ауыр жүктемемен жұмыс істесе, онда бұл созылмалы қабынудың дамуын тудырады.

14 жылға созылған зерттеуге шамамен 1000 адам қатысты, олардың орташа жасы 59 жасты құрады. Әрбір ерікті өткен психологиялық тестілер мейірімділік, адалдық, қайырымдылық секілді жақсы қасиеттердің деңгейін анықтаған. Сондай-ақ, қатысушылар қабыну биомаркерлеріне үнемі қан тапсырды.

Зерттеулер көрсеткендей, адалдық, жауапкершілік, әдептілік, ақыл-ой бойынша ең төменгі балл жинаған адамдарда өлім қаупі ең жоғары балл жинаған адамдармен салыстырғанда 40%-ға артық болған. Адал ниетті адамдарда биомаркер деңгейі өте төмен екенін көрсеткен.

От haqjoly.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *