ШЫМКЕНТ: ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА «ИХСАН ІЛІМІ – ТӘРБИЕ БАСТАУЫ» АТТЫ КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТ

0
652

Жуырда Шымкент қаласында орналасқан «Парасат» және «Афомед көпсалалы» колледждерінде «Ихсан ілімі – тәрбие бастауы» атты онлайн және офлайн түрінде кездесулер ұйымдастырылды.

Аталмыш оқу орындарда өткен кездесулерге Шымкент қаласы «Halifa Al-Nahaian Aqmeshıtı» орталық мешітінің бірінші найб имамы Мұсабек Ақтамберді арнайы қатысып, дәріс оқыды.

Өз кезегінде,  жастарға дұрыс білім алуды, ата-ананы, ұстаздарды құрметтеуді, имандылық жолын ұстану т.б. өзекті тақырыптар жөнінде кеңінен ақыл-кеңесін айтып, сұрақтарына жауап берді.

Аталмыш оқу ордасының басшылығы осындай кездесулерді жиі өткізуге шешім қабылдады.