ШЫМКЕНТ: «ЗИРАТ ЖӘНЕ ЗИЯРАТ ЕТУ МӘДЕНИЕТІ» ИМАМДАР ФОРУМЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ(ФОТО)

0
455

Қасиетті Шағбан айының алғашқы күні  ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігі  Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Ислам – мәдениет пен ізгіліктің бастауы» атты имамдардың IV республикалық онлайн-форумында қабылданған құжаттарды насихаттау мақсатында ««Зират және зиярат ету мәдениеті» атты аймақтық имамдар форумы ұйымдыстырылды. 

Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов, Шымкент қаласы Дін істер басқармасының басшысы Әлжан Тұяқбаев, мемлекет және қоғам қайраткері Шалатай Мырзахметов, найб имам- ЖАНТ тобының маманы Мұсабек Ақтамберді, найб имам — «Рухани тәрбие — Ихсан ілімі» бөлімінің жетекшісі Мұхамеджан Естеміров, «Халал Даму» бөлімінің бақылаушысы Қазыбек Сарыбаев, іс басқарушы Азамат Әбдікерімұлы, «Әйел қыздар» секторының мүшелері және Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандық мешіттің имамдары қатысты.

Айтулы шараны жұмысын Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов ашып,  жүргізіп отырды. Мұнымен қатар,  найб имам Мұсабек  Ақтамберді  «Зират және зиярат ету мәдениеті» тақырыбы бойынша баяндама жасады. Осыдан кейін, мемлекет және қоғам қайраткері Шалатай Мырзахметов сөз сөйлеп,  өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, діни басқарманың жұмысына сәттілік тіледі. Осыдан кейін, Шымкент қаласы Дін істер басқармасының басшысы Әлжан Тұяқбаев сөз алып, екі жақты атқарылып жатқан жұмыстарды саралай келе, Шымкент қаласы «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Балжан Досжанова бастаған ұстаздарға атқарып жатқан ерен еңбегі үшін  арнайы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың алғыс хатын табыс етті. 

Сондай-ақ, форум қорытындысы бойынша Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы елордада өткен IV республикалық   онлайн-форумында қабылданған құжаттарды насихаттау жөнінде нақты тапсырмалар берді.