Смайыл Сейтбеков ауылға қызмет етуге шақырды

0
429

Бүгін,  ҚМДБ-ның Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі, дінтанушы-ғалым  Смайыл Сейтбеков  Түркістан  облысы  «Адами  әлеуетті дамыту басқармасы» «Шымкент» медресе-колледжінің бітіруші шәкірттерімен кездесті.

ҚМДБ-ның Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі,   дінтанушы-ғалым Смайыл Сүйерқұлұлы  Сейтбеков  пен бірге   «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембай, дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміров  пен медресе шәкірттері қатысты. Кездесу аясында    Талғат Әсембай атқарылып жатқан жұмыстары туралы қысқаша есебін баян етті.

Айта кетсек,  бөлім меңгерушісі  Смайыл Сүйерқұлұлы  «Шымкент» медресе-колледжінің  басшылық құрамына бірқатар тапсырмалар беріп, бітіруші шәкірттеріне алдымен имамдық қызметтік ауылдық мешіттен бастау туралы жан-жақты түсіндіріп, шара соңында  шәкірттерге сәттілік тіледі.

ҚМДБ-ның «Шымкент»  медресе-колледжінің баспасөз қызметі