ШЫМКЕНТТЕ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ ЕРЕКШЕ АТАЛЫП ӨТЕДІ

0
1177

Мегаполис қалада жыл басы Наурыз мерекесі ерекше аталып өтеді. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен баспасөз жиында Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысының міндетін атқарушы Сәкен Әбдіжаппар және Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы басшысының орынбасары Мөлдір Кеуенова мәлімдеді.

Мерекелік іс-шаралар 16 наурыз күнгі «Ұлы дала хикаялары» атты жылжымалы көрмемен басталып, бір ай бойы шымкенттіктердің тамашалауына мүмкіндік болады.

Бұл көрме Шымкент үшін елеулі оқиға және қаланың мәдени өмірі үшін үлкен маңызға ие. Оған қазақстандық танымал суретшілер қатысады, — деді Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының міндетін атқарушы С. Әбдіжаппар.

Бұдан бөлек, 17 наурызда Арбат алаңында жалпыхалықтық мереке ұйымдастырылады. Мұнда қазақтың киіз үйі тігіліп, ұлттық тағамдар әзірленеді.

Наурыз мерекесі әдеп-ғұрып және салт-дәстүр орталығында да ерекше тойланады. 40 күйме жүріп, «Ақ бүрку» дәстүріне қалалықтар жаппай қатысады.

— Ұлы мерекенің тағы бір таңқалдыратын тұсы — Қошқар ата өзені бойында өтетін «Қошқар ата сейілі» көктем фестивалі, — дейді ұйымдастырушылар.

Ал 22 наурыз күні Орталық, Абай, Жеңіс, Наурыз (Сайрам тұрғын алабы) саябақтарында мерекелік концерттік бағдарламалар, ұлттық ойындар, көпшілік серуендер өтеді.

Брифинг барысында Шымкент қаласы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Мөлдір Кеуенова Наурыз мерекесінің Шымкентте мәнді де мазмұнды өтуі үшін қала тұрғындарын игі істерге бірлесе атсалысуға шақырды.

— Наурыз мейрамы бүгінде тәуелсіз еліміздің зор ықыласпен тойланатын, нағыз халықтық сипаттағы салтанатына айналды. Наурыз — еліміз үшін, барша қазақстандықтар үшін бірліктің, татулықтың, көктемнің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі. Бұл күні жақсы тілек тілеу, құттықтау, кешірім жасау, табысу сияқты адамгершілік қасиеттер көрініс тауып, кейінгі ұрпақтар сондай жақсы өнегеден үлгі алады. Наурыздың ұлағаты, айрықша тәлім-тәрбиелік белгісі осында.

Биыл міне, Шымкентте де бұл мерекені жоғары деңгейде атап өту жоспарлануда. Қала тұрғындарына айтарымыз, осынау мерекенің беделін көтеріп, баршамыз атсалысып, өз үлесімізді қосайық, — деді Шымкент қаласы ішкі саясат және дін басқармасы басшысының орынбасары Мөлдір Кеуенова.Шымкентте Наурыз мерекесі аясында өтетін іс-шаралар бағдарламасы:16 наурыз-15 сәуірҚазақстандық суретшілердің «Ұлы дала хикаялары» атты заманауи өнер туындыларының жылжымалы көрмесі.Шымкенттегі бейнелеу өнері музейі18 наурыз«Наурыз керуен» іс-шарасы («Наурыз» алаңы — «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимараты бағыты бойынша)Сағат 11:00-15:0021 наурыз1. «Қошқар ата сейілі» көктем фестивалі.Қошқар ата өзенінің бастауы. Сағат 11:00-15:002. «Ұлы даланың көне сарындары» дәстүрлі музыка фестивалі (Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына орай)Орыс драма театры. Сағат 15:00-де22 наурыз1. Мерекелік концерттік бағдарламалар, ұлттық ойындар, көпшілік серуендерОрталық, Абай, Жеңіс, Наурыз (Сайрам тұрғын алабы) саябақтары2. Ұлттық ат спорты жарыстарыОрталық ипподром. Сағат 10:00-14:00-де3. «Наурыз көктем – Шымқала!» мерекелік іс-шарасыНаурыз алаңы. Сағат 12:00 – 15:004. Мерекелік концерттік бағдарламаНаурыз алаңы. Сағат 18:00 – 21:305. Мерекелік отшашуНаурыз алаңы. Сағат 21:3023-24 наурыз«Ashyq Aspan» аэронавтика фестиваліОрталық ипподром, Сағат 10:00 – 12:30, 18:00 – 20:30