Тараз: 1322 тұрғынға ауызашар берілді

0
939

Тараз қаласының имамдары Рамазан айының 15 күнінде бірқатар қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастырды.

Атап айтқанда, 1322 кісіге ауызашар пакеті, 151 отбасыға азық-түлік, 17 отбасыға қаржылай және 28 отбасыға еттей жәрдем берілді. Жалпы 1688 отбасы қамтылды.

Сонымен қоса мешітке келген жамағат ауыз ашуы үшін су диспансерлері алынып, азанның әсем дауысын естіп рухани ләззат алулары үшін дауыс реттеуіштер мен радио-микрофон, мешіт калонкалары реттелді.

Қайырымдылық іс-шараларына қалалық орталық «Кеңесхан қажы», «Әбдіқадыр», «Әл-Әділ», «Тұрсынбай ата», «Әкрам төре», «Құрал қажы», «Бегалы ата», «Әзрет Әли», «Шайх Зуннун», «Намаз ата», «Мырқалық қажы», «Әулие ата», «Тектұрмас», «Асым ата», «Әл-Фирдаус», мешіттері және Тараз қалалық Жастар ісі секторы мен әйел-қыздар жамағаты атсалысты.