Шымкент: Мешіттерде тазалық акциясы өтті

0
77

Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай ҚМДБ-ның «Әр аптада бір – бір шара» жобасы аясында Шымкент қаласы өкілдігі «Таза Әлем» атты тазалық акциясын ұйымдастырды.

Тазалық акциясына Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, наиб имамдар Мұхамеджан Естеміров пен Мұсабек Ақтамберді, іс басқарушы Азамат Әбідкерімұлы, қалалық «Жастар ісі» секторының жетекшісі Анарғали Керімбеков және шаһардағы барлық мешіт имамдары мен Жастар ісі және Әйел-қыздар секторы, «Зекет және қайырымдылық» қорының, т.б. ерікті топ мүшелері қатысты.

Шара барысында мешіттердің іші-сырты, ауласы, дәретханалары т.б. орындары толық тазаланды.