74 755 МҰҚТАЖ ОТБАСЫҒА КӨМЕК БЕРІЛДІ

0
783

Бүгін қасиетті Рамазан айының соңғы күні  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен қолға алынған  «Рамазан қоржыны» және «Ауызашар себеті» атты қайырымдылық шараларының қорытынды есебі жасалды.

ҚМДБ-ның Шымкент  қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахмановтың ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен «Шымкент қайырымды қала» жобасы аясында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің қолдауымен,  Шымкент қаласының әкімдігі мен Кәсіпкерлік Палатасы, ірі сауда орталықтарының басшылығы, жеке кәсіпкерлер және мешіт жамағаты тарапынан ауқымды түрде қайырымдылық шаралар ұйымдастырылды.  Қайырымдылық шаралар бір ай бойы кезек-кезегімен  эстафета  түрінде жалғасатын тапты.  

Түйіндеп айтқанда,  қаладағы 32 мешіт тарапынан  42 255 адамға (су, құрма, нан, конфет, ыстық тамақ, салат, айран т.б.) «Ауызашар себеті» үлестірілсе,  ал жалпы кәсіпкерлер мен мешіт жамағаты тарапынан  32 500 мұқтаж отбасыға  азық-түлік (ұн, май, шәй, күріш, қант, тұз, ет және макарон өнімдері, тәттілер, құрма, картоп, пияз, сәбіз, т.б. ) салынған «Рамазан қоржыны» таратылып, жеткізілді.

Аталмыш шара барысында қалалық «Зекет және қайырымдылық» қоры мен «Жастар ісі» секторының өкілдері ерікті түрде қызмет етті.

Сондай-ақ, атқарылған жұмыстар туралы тұрақты түрде жергілікті «Айғақ», «Оңтүстік», «Отырар», «Нар тв» телеарналары, «Қазақ», «Шалхар» «Оңтүстік» радиолары, «Шымкент келбеті» газеті, т.б.  БАҚ өкілдері хабар таратты.

Осы тұста, қасиетті Рамазан айында қайырымдылық шараларға қолдау көрсеткен барша азаматтарға Алла Тағала разы болсын!

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі