«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес құрылып, бүгін алғашқы отырысы өтті

0
715

Кеңестің негізгі мақсаты алдағы 5 жылда «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты қалалық сайлауалды бағдарламасын іске асуы үшін дайындалған Жол картасындағы негізгі көрсеткіштердің орындалуына бақылау жасау болып табылады.

Жыл басында пайда болған жаңа індет әлем елдерімен қоса Қазақстанды да біраз әбігерге салғаны рас. Ел экономикасын айтпағанның өзінде COVID-19 пандемиясының кесірінен мыңдаған қазақстандық өмірмен қош айтысып, жүз мыңнан астам адамның ажалмен күресуіне тура келді. Осындай жағдайдың алдын-алып, нақты жұмыстарды қажет ететін бұл сала үлкен жауапкершілікпен қарауды талап етеді.

Кеңесті республикалық деңгейде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитеттің мүшесі Павловец Лариса Павловна жетекшілік жасайды. Ал өңірімізде Саяси Кеңес Бюросының қаулысымен партияның Шымкент қалалық филиалының жанындағы Ұлт саулығы жөніндегі қоғамдық кеңеске партияның қоғамдық-саяси іс-шарасына қатысып, праймеризде белсенділік танытқан Серкебаев Есенбек Салдарбекұлы жетекшілік ететін болады.

Партияның басты мақсаты мен құндылығы – азаматтардың денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту болып табылады. Халықтың әл-ауқатын одан әрі арттыру – Елбасы саясатының негізгі басымдығы. Бірлескен жұмыстардың нәтижесінде қиындықтарды еңсеріп, жетістіктерге бірге жетуге болатындығына сенемін.