«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында қала әкімі, филиал төрағасы, Әйтенов Мұрат Дүйсенбекұлының төрағалығымен партиялық актив отырысы өтті.

0
942

Мәжіліске Саяси кеңес мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары, партия филиалы жанындағы Қоғамдық кеңестің төрағалары мен «Jas Otan» жастар қанатының белсенділері қатысты.

Күн тәртібінде «Amanat» партиясының кезектен тыс XXII Съезінің шешімдерін орындаудағы Шымкент қалалық филиалының міндеттері туралы» мәселе қаралды.

Кешегі өткен партия съезінің қорытындылары, партияны жаңғыртудың бағдарламасын іске асыруда алда тұрған міндеттер туралы баяндама әзірледім. Сондай-ақ мәслихат депутаты, фракция мүшесі А.Жұмақұлова, «Ұлт денсаулығы» қоғамдық кеңесінің төрағасы Е.Серкебаев пен «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы Е.Жүнісбек сөз сөйледі.

Күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып, қала әкімі, филиал төрағасы Мұрат Әйтенов төмендегідей тапсырмаларды бекітті.

1.Халықпен кері байланысты күшейту.
2. Сайлауалды уәделер толығымен орындалуын толық қадағалау.
3.Қалалық партия филиалы жанынан қала тұрғындарының өзекті мәселелерін талқылайтын орталық пікірталас алаңын ашу мүмкіндігін қарастыру.
4.Аудандық партия филиалдарына қарайтін ірі Бастауыш партия ұйымдарының жанынан қоғамдық қабылдау бөлмелерін ашу мүмкіндіктерін қарастыру.
5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік және партиялық бағдарламаларды жүзеге асыру барысында үкіметтік емес ұйымдармен жұмысты күшейту.
6. Аймақтың «Jas Otan» жастар қанатының қала жастарымен идеологиялық бағыттағы жұмыстарды күшейту.

Аталған тапсырмалар бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіп, мемлекетті дамытуға, халық тұрмысын жақсартуға күш салатын боламыз. Осы мақсат жолында партия Мемлекет басшысы, партия Төрағасының қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларын толықтай жүзеге асыру үшін әрқашан қолдау көрсетуге дайын.